Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыру демалысымен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысты іс тергелуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тергеу барысында тапсырыс беруші мен ЖШС арасында мерзімі наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 млн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.
Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған фактілері анықталған. ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген.
"Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды", – дейді агенттіктен.