"Мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі мәз емес" – Олжас Бектенов

Елімізде 148 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылған.

"Мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі мәз емес" – Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Министр мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, 1 қарашадағы мәлімет бойынша мүгедектігі шектеулі азаматтар арасында 148 мың адам немесе еңбекке қабілетті адамдардың 39%-ы жұмыспен қамтылғанын жеткізді. Өңірлер бойынша жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға жетпейтінін де атап өтті. 

– Кәсіптер бойынша мүгедектігі бар адамдардың 21%-ы – кәсіби мамандар, 19%-ы – біліктілігі жоқ қызметкерлер, 13%-ы – техник-мамандар, 11%-ы – басшылар мен мемлекеттік қызметшілер, қызмет көрсету, сату саласында жұмыс істейтін қызметкерлер,  – деді Светлана Жақыпова. 

Өз кезегінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов аталған мәселеге көңілі толмайтынын ашық айтты.

– Мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі мәз емес. Бұл – өте маңызды мәселе. Бақылауға алу керек, – деді нақтылады Үкімет басшысы. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің сөзінше, жұмыспен қамту салалары бойынша ғылыми қызмет (28%), мемлекеттік басқару (12%), білім беру және сауда (9%), денсаулық сақтау (7%) көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу