Мүгедектерді зорлағандар түрменің түбінде шіриді

Көрші ел мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған сексуалды қылмыстың жазасын күшейтіп отыр. 

Мүгедектерді зорлағандар түрменің түбінде шіриді Фото: canva.com

Қырғызстан парламенті заңды қатаңдатуды өткен жылдың мамыр айында қолға алған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ел парламенті жасы алпысқа толса да, мүмкіндігі шектеулі жандарды зорлағаны үшін кінәлілерді жынысы мен жасына қарамастан, өмір бойына бас бостандығынан айыруы ықтимал заң жобасын қабылдады. 

Заң жобасы мүгедектердің жыныстық құқығын қылмыстық шабуылдардан қорғау мақсатында дайындалған. 

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне 60 жасқа толған адамдарға да балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын түзетулер енгізген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу