Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету күшейді – министр

1268

Биыл арнайы заң қабылданып, мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету күшейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету күшейді – министр

Оның айтуынша, өткен жылы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру бойынша да ауқымды жұмыс жүргізілген.

"Биыл 12 қазанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды. Құжатта: мүгедектіктің I тобы бар адамдарды күту және оларға ілесіп жүру бойынша бірыңғай жәрдемақыны енгізу, алынатын жәрдемақыны ұлғайта отырып, 7 жастан бастап балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша бір мезгілде жәрдемақы алу, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға тұрғын үй кезегін сақтау көзделеді", - деді министр.

Серік Шәпкенов нәтижесінде 15,1 мың адам I топтағы мүгедек адамдарға күтім жасау бойынша жәрдемақы алды.

"52,7 мың бала мүгедектік топтары бойынша және 2,8 мың адам бір мезгілде мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алады", - деді басшы.

Сондай-ақ министр ерекше қажеттіліктері бар адамдар тұрақты тұратын немесе қызмет алатын медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін бірқатар бұйрыққа өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу