Мүгедектерге бассейн салуға бөлінген 180 миллион теңге ұрланған

922

"Нұрлы жүрек" әлеуметтік орталығында мүгедек балалар және психоневрологиялық патологиясы бар 29 жасқа дейінгі ересектер бар.

Мүгедектерге бассейн салуға бөлінген 180 миллион теңге ұрланған

Жақында Нұр-Сұлтан қаласының аудандық соттарының бірінде "Нұрлы жүрек" әлеуметтік орталығына арналған ірі соманың жоғалғаны туралы іс қаралып, үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі time.kz басылымына сілтеме беріп.

207 млн теңге қаражат қала әкімдігінен бөлінген. Оны бөлуді қала мәслихаты да мақұлдаған. Мердігер барлық жұмысты тендер бойынша жоспарланғаннан тоғыз есе арзанға орындап (небәрі 24 миллион теңгеге орындап), негізгі соманы ұрлап кеткен.

Бұл жерде мердігер "Еңбек-Өскемен" мекемесімен тендер бір көзден жасалған. Өйткені оған дейін жарияланған конкурс өтпей қалған.

Сотқа дейін мекеме директоры Серік Бөпежанов қайтыс болып кетті, сондықтан оған қатысты тергеу тоқтатылды. Ал оның орынбасары Равель Меңдібаев "тек көмектескені үшін" кінәсін мойындады – яғни, ақшаны ұрлаған қайтыс болған бастығы, өзі тек мердігерлермен келіскенін айтады.

"Еңбек-Өскемен" басшылары заңға қайшы ештеңе жасамағандарын, керісінше, барлық қызметтерді жоғары деңгейде көрсеткендерін мәлімдейді. Асхат Құдайбергенов пен Александр ТКАЧУК кінәсін мойындамайды. Нәтижесінде, Ткачук пен Меңдібаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Құдайбергенов олардан жарты жыл артық жазаға кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ал тендер ақшасының небәрі тоғыздан бір бөлігіне салынған бассейннің жағдайы туралы сот үкімінде ештеңе айтылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу