Мүгедектерге көмекке бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанына есеп берілді

1183

Мүгедектерге әлеуметтік көмекті қаржыландыруға Қарағанды облыстық бюджетінен биыл 968,7 млн теңге, республикалық бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Мүгедектерге көмекке бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанына есеп берілді

Мүгедектер саны бойынша Қарағанды облысы республика бойынша үшінші орында тұр. Облыста мүмкіндігі шектеулі 66 мың адам бар, ол жалпы тұрғын санының 4,8% құрайды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда 20 388 адам теxникалық оңалту құралдарын және санаторлық-курорттық ем алды.

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектер протездер, ортопедиялық аяқ киім, балдақтар мен таяқшалар, жүру арбаларын алады. Жыл басынан бері протездік-ортопедиялық құрал жабдықтармен 1754 адам қамтамасыз етілді, ал жыл соңына дейін ондай жабдықтарды тағы 4 285 мұқтаж жандар алуға тиіс.

Көру мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қазіргі таңда тифлокешендердің орнына сөйлеу синтезімен қамтамасыз етілген бағдарламалары бар ноутбуктер беріледі. Ондай бір ноутбук 700 мың теңге тұрады. Ондай құрылғыға мұқтаж адамдарды кезек бойынша қамтамасыз етеді.

Есту қабілеті төмен мүгедектер веб-камералары бар ноутбуктер беріледі.
Коxлеарлық имплантация жасаған мүгедек балалар мен ересектер істен шыққан сөйлеу процессорын ауыстыру мүмкіндігіне ие болды. Мұндай бір құрылғы 3,5 млн теңге тұрады. 

Серуенге шығатын арбалар 5 жыл, бөлмелік арбалар 7 жыл мерзірге беріледі. 

Қарағанды облысы тасымалдау құралдарын сатып алады. Олар әмбебап және жеңілдетілген: қажет болған жағдайда ені ұзартылады және салмағы 20 келіден аспайды. Бүгінгі таңда арбаларды 722 адам алды.

Жөргектер де көбірек беріле бастады: жылына 730 дана. Гигиеналық құралдарға сонымен бірге жаялықтар, тері мен денені тазалауыштар, иіс бейтараптандырғыштар қосылды. 

Облыс бойынша 7 қалада мүгедектер "инватакси" қызметіне жүгінеді. Ондай автомобильдер саны қазір 31, оның 14-і арбаға таңылғандарға арналған көтергіштермен жабдықталған. "Инватаксидің" басым бөлігі Қарағандыда - шамамен 20 көлік. 

2018-ші жылы облыста есту және көру бойынша мүгедектерге арналған "Surdo-Online" жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Бұл жүйе ақпарат және қызмет алғанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең шарттар мен жағдай қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу