Мүгедектерге қызмет көрсететін мекеменің мүддесі қорғалды

976

Мүгедектерге қызмет көрсететін мекеменің мүддесі қорғалды

Павлодарлық бір фирма кәсіпкерлер палатасының көмегімен 54 миллион теңгелік келісім шартты сақтап қалды. Әйтседе, айларға созылған сот ісі кәсіпорынның жұмысына біраз кедергі келтірді. Нарықта 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Павлодардағы "Ортопрот" кәсіпорны, негізінен протез және ортопедиялық аяқ киім шығарумен айналысады. Жасанды аяқ немесе қол жасатуға келген мүгедектер мекемеде 40 күнге дейін болып, протезге үйренеді. Жылдағы күн көрістері мемлекеттік тапсырыс. Алайда, олардың биылғы тапсырысына Алматыдағы бір кәсіпорын таласты. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы заңгерлерінің араласуы арқасында, Павлодарлық фирма сотта жеңіп шығып, 54 млн теңгенің келісім шартына қолжеткізді.

Айгүл Хамиева - "Ортопрот" ЖШС директоры:

"Кез-келген жағдайды, банксекторы болсын, мемлекеттік сатып алулар болсын барлығын кәсіпкерлер палатасы арқылы шешеміз. Өйткені, біздің өз заңгеріміз жоқ. Сол себепті де, қандай дабір даулы мәселе болғанда бірден кәсіпкерлер палатасына жүгінеміз."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу