Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 182 мыңнан астам қызмет алды

483

150,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,2 мың – ымдау тілі қызметін, 25,3 мың – жеке көмекшінің қызметін алды.

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 182 мыңнан астам қызмет алды Фото: baq.kz

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбекминге сілтеме жасап.

Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 852 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 385 ОТҚ жеткізуші, 26 мыңнан астам жеке көмекші, 688 ымдау тілі және 105 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін жеткізуші тіркелген.

"Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу