Мүгедектігі бар адамдар ЭЦҚ арқылы қызметтер мен құралдарды өз бетінше таңдай алады

457

Биыл мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 237 мыңнан астам қызмет алды, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мүгедектігі бар адамдар ЭЦҚ арқылы қызметтер мен құралдарды өз бетінше таңдай алады Фото: google.com

Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар 204,8 жуық адам оңалту құралдарын, 6,6 мың – ымдау тілі қызметін, 25,8 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 59 мың тапсырыс рәсімделді.

Мүгедектігі бар адамдар протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар секілді оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

"Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 824 медициналық-әлеуметтік мекеме, 246 ОТҚ жеткізуші, 25 мыңнан астам жеке көмекші, 635 ымдау тілі қызметін, 90 санаторлық-курорттық емдеуді, 65 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізуші тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу