Мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметіне 836 рет жүгінді

448

Инватакси қызметін азаматтар пилоттық жоба шеңберінде Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы қолдана алады. 

Мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметіне 836 рет жүгінді Фото: gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін агрегаторлар арқылы пайдалану жөнінде пилоттық жоба басталғалы Астана мен Алматы қалаларында 836 рет қызмет көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Еңбекмин әкімдіктермен бірлесіп инватакси қызметінің сапасы мен жылдамдығын арттыру мақсатында қызметтің механизміне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мәселен азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.

Инватакси қызметін азаматтар пилоттық жоба шеңберінде Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы қолдана алады. Жобаның ерекшелігі қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдау, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалау және сапарларды бақылаудың қарапайым жүйесі.

Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді қажетті нұсқауларды алады.

Пилоттық жобаға алғашқы кезеңде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысады. Қызмет көрсетудің оң нәтижесі болған жағдайда жаңа форматта мүгедектігі бар адамдардың басқа топтарына және еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу