Мүгедектігі бар адамдар кейде өмір бойы тар жерде тұруға мәжбүр

707

Елде 22 мыңнан астам адам медициналық және әлеуметтік мекемелерде тұрады. Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның айтуынша, ондай ірі мекемелердің тұрғындары ұйықтау мен ояну тәртібін де, емдеу орнын да таңдай алмайтын тар жерде жыл бойы, кейде өмір бойы тұруға мәжбүр болады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мүгедектігі бар адамдар кейде өмір бойы тар жерде тұруға мәжбүр

"Ең басты мәселе – көптеген жылдар бойы жабық мекемеде тұрған адам қоғамда өмір сүру қабілетін жоғалтады. Тіпті қоғамда табысты өмір сүруге мүмкіндігі бар адамдар да ол жерде уақыт өткізсе бар қабілетін жоғалтады, бұл олардың әлеуметке араласу мүмкіндігін азайтады", – деді сенатор Қалтаева.

Депутат сондай-ақ Қазақстан Мүгедек адамдардың құқықтары туралы конвенцияны ратификациялай отырып, әлемдік қоғамдастық алдында, оның ішінде мүгедек адамдарды көшіру мәселесінде жауапкершілікті өзіне алғанын еске салды. Сондай-ақ медициналық мекемелерде орын алу кезегі азайған жоқ.

"Осыған байланысты медициналық-әлеуметтік ірі мекемелерді кішірейту және мүгедек адамдар институтын тоқырату жөнінде ресми стратегия әзірлеу, Қазақстанда мүгедек азаматтарға арналған стационарды алмастыратын технологияларды енгізу жөніндегі Жол картасын бекіту мәселесін қарауды ұсынамыз. Ол отбасыларды қолдауға, осы санаттағы азаматтардың білім алуына және әлеуметке араласуына, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы еңбек ету қабілеті, қамқоршылық институты мәселелері бойынша жетілдіруге бағытталатын болады", – деді Ләззат Қалтаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу