Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 237 мыңнан астам қызмет алды

488

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, кресло-арбалар беруді қамтиды.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы  мүгедектігі бар адамдар 237 мыңнан астам қызмет алды

Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 204,8 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын 6,6 мың – ымдау тілі қызметін, 25,8 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 59 мың тапсырыс рәсімделді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 824 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 246 ОТҚ жеткізуші, 25 мыңнан астам жеке көмекші, 635 ымдау тілін қызметін, 90 санаторлық-курорттық емдеуді, 65 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

"Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу