Мүгедектігі бар адамның отбасы мүшесіне еңбекақы төленеді

Осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады.

Мүгедектігі бар адамның отбасы мүшесіне еңбекақы төленеді Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 1 шілдеден бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары туралы айтып өтті.

Спикердің сөзінше, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің трансфомациялауға қатысты өзгеріс енгізілді. Мұндағы негізгі мақсат - мүгедектігі бар азаматтардың көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қолжетімділігін арттыру.

"Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін  тарту. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші ретінде рәсімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады.

Тағы да өзгерістердің бірі - арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттарын даярлап, жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу қарастыру. Оның мөлшері қызметтер үшін жеке норматив, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін  – шектеулі бағалар түрінде  жіктелетін болады. Бұл өзгерістер бір жағынан кейбір жекелеген қызмет немесе тауар түрлерін монетизациялауға алып келеді және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге   жеке секторды кеңінен тарту арқылы саланың инфраструктурасын ауылдық жерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады вице-министр.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет порталы бойынша жергілікті атқарушы органдар жанында құрылған комиссияларға жаңа құзыреттер беру жоспарлануда. Олар: мүгедектегі бар азаматтардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы айтылған өтініштерін  әлеуметтік қызмет порталы арқылы қабылдау және 5 күн ішінде қарау; өнім берушіні немесе қызмет көрсетушіні әлеуметтік қызмет порталынан алып тастау және оны міндеттемелерін адал атқармайтын өнім беруші тізіміне енгізу туралы шешім қабылдай алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу