Мүгедектігі бар азаматтарға қандай төлемдер көзделген

411

Жәрдемақының мөлшері мүгедектік тобына байланысты белгіленеді.  

Мүгедектігі бар азаматтарға қандай төлемдер көзделген Фото: el.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар азаматтарға қандай төлемдер қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елімізде мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдаудың бірнеше түрі қарастырылған. Азаматтың жағдайына қарай оған мемлекеттік жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем немесе өндірістік жарақат не кәсіптік ауру салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда сақтандыру төлемі берілуі мүмкін.

Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері белгіленген мүгедектік тобына байланысты анықталады.

"Төлемдерді Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, eGov.kz порталы немесе проактивті форматта рәсімдеуге болады. Мүгедектік белгіленгеннен кейін азаматқа жәрдемақы рәсімдеу туралы ұсыныс көрсетілген SMS хабарлама келуі мүмкін. Бұл жағдайда төлемді рәсімдеу үшін SMS хабарламаға жауап беріп, өз келісімін растау жеткілікті", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу