Мүгедектігі бар балаларды қорлаған студент 7 жылға дейін қамалуы мүмкін

367

Айыпталушы үйқамақта отыр.

Мүгедектігі бар балаларды қорлаған студент 7 жылға дейін қамалуы мүмкін

Астанадағы хоспис науқастары мен мүгедектігі бар балаларды азаптаған медициналық студенттің ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Студент Астана хосписінде деменциясы бар қарттарды ұрып-соғып, нәжісін жеуге мәжбүр еткені үшін айыпталды. Сонымен қатар, оңалту орталығында ол мүгедек балаларды азаптаған.

"Іс соңғы сатысында. Нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр", - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

"22 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексі 110-бабы 2-тармағының 2-бөлігі ("Азаптау") бойынша тергеліп жатыр. Күдікті 2023 жылдың сәуірінен бастап үй қамауында болды, бұған дейін бұлтартпау шарасы тағайындалған жоқ. Бұл баптың санкциясы 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді", - деп хабарлады полиция.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу