Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу қызметі жеңілдейді

73

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 1 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.  

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу қызметі жеңілдейді Фото: ustinka.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін жаңартуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрліктің хабарлауынша, жаңа өзгерістер ата-аналар үшін рәсімдерді жеңілдетіп, қажет ақпаратты жинауды автоматтандыруға бағытталған. Яғни, бұрын қағаз күйінде сұратылатын бірқатар құжаттар цифрлық форматқа көшеді. Бұл қызмет көрсетуді ашық әрі жедел етуге мүмкіндік береді.

Жобада "үйде оқыту шығындарын өтеу" қызметінің бірыңғай деректер базасы енгізілетіні атап өтілген. Сонымен бірге, қызметті болашақта проактивті форматқа ауыстыру жоспарланып отыр. Яғни, ата-аналар құжат жинап жүрудің қажеті жоқ, мемлекет қажетті ақпаратты өзі жинайды.

Өзгерістер 2 негізгі құжатқа енгізілмек:

  • 2021 жылғы №84 бұйрық (әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы);
  • 2016 жылғы №28 бұйрық (үйде оқыту шығындарын өтеуге қатысты әкімшілік деректер нысаны).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу