Мүгедектігі бар балаларға төленетін жәрдемақы 37%-ға өсті

987

Енді мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша екі жәрдемақыны бір мезгілде төлеу көзделген.  

Мүгедектігі бар балаларға төленетін жәрдемақы 37%-ға өсті

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылады. Өзгеріс 30 мыңнан астам мүгедектігі бар баланы қамтиды", – деді спикер. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша заңда мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша екі жәрдемақыны бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. 

"Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады.Сондай-ақ ата-анасының біреуі немесе асыраушысы қайтыс болған жағдайда, бала мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады. Осы норма енгізілген жағдайда 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қатар асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыны ала алады", – деді Ерлан Әукенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу