Мүгедектігі бар баланың ата-анасының да санаторийге барар шығыны өтеледі

1030

Мүгедектігі бар баланы санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін ата-анасының (заңды өкілінің) біріне мекемеде орналасу, тамақтану, жатын орны сияқты бірінші қажеттілік болып саналатын шығыстарының құны өтеледі. 

Мүгедектігі бар баланың ата-анасының да санаторийге барар шығыны өтеледі

Бастама, шалғай аудандардағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мүгедектігі бар баласына жан-жақты санаторий-курорттық ем-дом алуға жол ашады. Бұл өзгерістер  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген заң жобасында қарастырылған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінге дейін аталған мәселені жергілікті бюджет арқылы тек қана 3 аймақта, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан алып жүруші заңды өкілдеріне қаржы қарастырылған еді. Бұл – аса маңызды нормалардың бірі. Өйткені қазірдің өзінде көптеген ата-аналардың әлеуметтік жағдайы баласымен бірге санаторий-курорттық ем-домын алуға жете бермейді. Жалпы заң жобасындағы қарастырылған қаржының басым бөлігі осы позицияны іске асыруға бағытталады. Біздің алдын-ала жобалық есебіміз бойынша 3 жылдың ішінде кемінде 62 мыңнан астам баламен ата-атасы немесе олардың заңды өкілдері санаторий-курорттық ем-домға бірге барады", – деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу