2023 жылы мүгедектігі бар қазақстандықтар сырттай медициналық тексеруден өткен

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды. 

2023 жылы мүгедектігі бар қазақстандықтар сырттай медициналық тексеруден өткен Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың қорытындысына сәйкес, мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен 76,4 мыңнан астам өтінім қаралды. Бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал 2022 жылмен салыстыратын болсақ, өткен жылы сырттай куәландыру бойынша 57,1 мың өтінім қаралды және бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 22,7%-ын құрады.

Осыған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау барысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асырып отыр.

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет. Ал қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу:

- Әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

- Мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;

- Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу