Мүгедектігі бар жандардың құқығы бұзылуына қатысты 12 сотқа дейінгі тергеу басталды

523

Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақылары мен зейнетақыларын өздеріне аударып алған.

Мүгедектігі бар жандардың құқығы бұзылуына қатысты 12 сотқа дейінгі тергеу басталды

Бас прокуратурадан берілген мәліметке сүйенсек, прокурорлар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуын тексеріп, 1,8 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтаған, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың 11 мыңнан астамының құқығы қорғалыпты. Осылайша, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша жеті аудандық және қалалық әкімдіктердің қаулылары осы санаттағы адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын ұлғайту арқылы өзгертілген.

"Қостанай облысында прокуратураның араласуынан кейін психоневрологиялық интернатта тұратын мүгедектігі бар адамға тиесілі пәтерге үшінші тұлғаның меншік құқығын тану туралы сот шешімінің күші жойылды.

Алматы қаласының прокуратурасы "Жанұя" мамандандырылған кешенінің 23 тәрбиеленушісіне асыраушысынан айрылу және мүгедектігі бойынша жәрдемақы осындай төлемдерге құқық алған сәттен бастап 5-10 жылдан кейін тағайындалғанын анықтады.

Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар есебінен балаларға 10,6 млн теңге өтелді.

Басқа жағдайда Ақтөбе облысының прокурорлары мүгедектігі бар 40 студентке мемлекеттік стипендия төлеуді қамтамасыз етті", – деп жазылған хабарламада.

Жалпы прокуратура органдарының тексеру нәтижелерінің негізінде аталған салада 12 сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мысалы, Қызылорда облысында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің дәрменсіз қамқоршыларының дербес және биометриялық деректерін пайдалана отырып, өздеріне ақша қаражаттарын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды аударған.

"Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру нәтижесінде, барлығы 336 қадағалау актісі енгізілді, 130 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу