"Мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін": Астаналық дәрігер науқастарды алдап, 4 млн теңге алған

306

Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасы хабарлады.  

"Мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін": Астаналық дәрігер науқастарды алдап, 4 млн теңге алған Фото: gov.kz

6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне қатысты үкім шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алаяқ дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған. Алайда шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Алдап алған 4 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Прокурор ұсынған дәлелдемелермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын ескере отырып ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу