Министрлік мүгедектік топтарын белгілеу жөніндегі заңға енгізілген өзгерістерді түсіндірді

1899

Қазақстанда 7 жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу жөніндегі заң нормасы күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Министрлік мүгедектік топтарын белгілеу жөніндегі заңға енгізілген өзгерістерді түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл қарашадан бастап "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның 7 жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеуді көздейтін нормасы қолданысқа енгізілді.

"Заң күшіне енгізілген күні (2021 жылғы 24 қазан) 7 жастан 16 аралығындағы жасқа толған мүгедектігі бар балаларға мүгедектік тобын белгілеуді медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімдері МӘС актісінде бар деректер және бұрын "мүгедек бала" санаты бойынша белгіленген мүгедектік кезеңіне сырттай шығарылған сараптамалық қорытынды бойынша бір рет автоматтандырылған тәртіппен жүзеге асырылады", – деп жазылған хабарламада.

Осылайша, балалары 7 жасқа толған және одан асқан ата-аналарға (заңды өкілдерге) мүгедектік тобын белгілеу үшін МӘС бөлімдеріне барудың керегі жоқ.

"Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының ауырлық дәрежесіне қарай жәрдемақылар мөлшері бойынша саралауға мүмкіндік береді", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін өскен еді. Бұл жағдай мүгедектігі бар 30 мыңнан аса балаға қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу