Бірақ бұл істе асығыстық танытудың қажеті жоқ. Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы осыдан сенсация жасайтындарды құп көрмейтінін жеткізді. Бұдан бөлек, ханға тиесілі артефактілер бар. Мәселен Ресей музейлерінде тұрған белбеуі мен мылтығын келіссөз арқылы алдыртуға мүмкіндік мол дейді музей басшысы. Негізі қазақтың соңғы ханы Кенесарының басы-сүйегін іздестіру ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді.
Бұған дейін, талай тарихшылар зерттеу жүргізгенімен, еш нәтиже бермеді. Ал биыл тарихшы-ғалым Зиябек Қабулдинов "ханның басы табылды, жуырда елге қайтарылады" деп сүйіншілеген еді. Алайда бұл да орындала қоймады.