Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстық ісі бойынша екі эпизод біріктірілді. Осылайша "Алтын адам" және "Дипломат" бірге қаралады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Бұл істе жаңа айыптау актісі пайда болды. Ол 234 беттен тұрады. Айыптаушылардың қатарында Арыстанбек Мұхамедиұлынан бөлек, Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан, Азамат Көшенов және Айым Садуақасова бар. Олар бұған дейін "Алтын адам" көрмесі бойынша 7 жылға сотталған. Леонид Кочетов, тіпті, куәгер болып келген. Олардың барлығы "Дипломат" ісіне түк қатысымыз жоқ. Не себепті біріктіргені түсініксіз, деп отыр.
"Жалпы бұл іс мен үшін түсініксіз. Мені 1 бабпен, 1 тірлікпен 2 рет соттайын деп жатыр", - дейді Азамат Көшенов.
"Дипломат" не үшін қосқанын біз білмейміз. Әлі соған өзіміз де таңағалып отырмыз. Не үшін бізге Дипломатты қосты", - дейді күдікті Леонид Кочетовтың адвокаты Айгүл Исмагулова.
Әзірге айыпталушылар істің мән-жайымен танысып үлгермеді, сондықтан сот отырысы кейінге шегерілді. Ал Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл жолы қорғаушы жалдамаған. Экс-министрге мемлекет адвокат тағайындады.