Мұхамеджан Тазабек: "Асыл арнаны" жап деген өтініш болған жоқ

1244

Мүфтият жанынан ашылған "Халық арна" 10 жыл бойы ел ішінде түрлі даулы мәселеге арқау болған "Асыл арнаның" контентін де пайдаланады.  

Мұхамеджан Тазабек: "Асыл арнаны" жап деген өтініш болған жоқ

"Асыл арна" телеканалының бас директоры Мұхамеджан Тазабек осындай мәлімет айтты.

"Асыл арна" телеарнасын ашып, жүргізіп, ҚМДБ-мен бірге қанаттасып, жұмыс істеп келдік. Мінеки, біз күткен тарихи сәт те келді. Бүгін соның куәсі болып отырмыз. Себебі дін деген ең үлкен аманат болғандықтан, өте нәзік және күрмеуі қиын мәселелердің басын құраған ауқымды сала болғандықтан, "шымшық сойса да, қасапшы сойсын дегендей, сол саланың мамандары тікелей осы шаруаға атсалысуына әрдайым тілектес болып келдік. "Асыл арнаның" былай да жұмыс істеп тұра беруіне болар еді. Оған ешқандай кедергі немесе ешқандай бір өтініш болған жоқ. Бірақ мен өз тарапымнан жұрт ақпаратты бір ғана бұлақтан алсын, алаңдамасын, екі каналға алаңдап, еншісін шашып алмасын, бір жерден болсын деп діни аккаунттардың барлығын "Халық арнаға" тапсырамын деп шешім қабылдадым", – деді  ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу