Мұхтар Әбіләзов ұрлаған 2,5 миллиард теңге БТА-ға қайтарылады

1446

Экс-банкир заңсыз жолмен алған ақшаны өзінің туған әпкесі Гауһар Құсайыноваға жіберген екен. Ал ол өз кезегінде бұл қаражатқа АҚШ-тан жылжымайтын мүлік сатып алған.

Мұхтар Әбіләзов ұрлаған 2,5 миллиард теңге БТА-ға қайтарылады

Мұхтар Әбіләзов ұрлаған 2,5 млрд теңге АҚШ-тан БТА банкке қайтарылады. Мұндай үкімді Вирджиния штатының округтык соты шығарды, деп хабарлайды Atameken Business.

Экс-банкир заңсыз жолмен алған ақшаны өзінің туған әпкесі Гауһар Құсайыноваға жіберген екен. Ал ол өз кезегінде бұл қаражатқа АҚШ-тан жылжымайтын мүлік сатып алған.

Айта кетсек, бүгінгі таңда  Әбіләзовқа қатысты сот ісі тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Украинада, Ұлыбритания, Франция және АҚШ елінде жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу