Мұхтар Әбіләзовтің ісі сотқа жіберілді

1833

Істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайтын болады

Мұхтар Әбіләзовтің ісі сотқа жіберілді

Мұхтар Әбіләзовтің ісі сотқа берілді. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 304-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы 2018 жылғы  2 қазанда айыпталушы М.К. Аблязов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігінің  "ж", "з" тармақтары бойынша (1997 жылғы 16.07. редакциясындағы) сотқа берілгенін хабарлайды. М.К. Аблязовқа қатысты істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайтын болады", - делінген таралған ақпаратта.

Айта кетсек, Әбіләзовқа  2004 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін, "Тұран Әлем Банкі" АҚ банкін бақылауды қайтару мақсатында, осы банктің басқарма төрағасы  Е.Н. Татішевті өлтіру үшін 4 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға М.Ш. Тоқмәдиді жалдаған деген айып тағылған болатын.

2004 жылғы 19 желтоқсанда Мұратхан Тоқмәди Мұхтар Әбіләзовтің мүддесі үшін әрекет ете отырып, Жамбыл облысының Қордай ауданында аңшылық кезінде аңшы қарумен  Е.Н.Татішевті өлтірді. Содан кейін Мұхтар Әбіләзов директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайланып, аталған банкке басшылық еткен.

Бұдан бұрын, қылмыстық қудалау органы Әбіләзоті бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде "Le FIGARO" және "I`Opinion" француз газеттері арқылы оның тергеу әрекеттеріне қатысу қажеттілігі туралы бірнеше рет хабарлады.

Ол және оның қорғаушысының келмеуіне байланысты, айыпталушыға ҚПК  67-бабы тәртібінде Алматы қалалық адвокаттар алқасынан кәсіби адвокат тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу