Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы елге оралды

979

Алматы қаласының әуежайында Қазақстанға өз еркімен оралған Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Қуаныш Нұрғазин ұсталды. 

Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы елге оралды Фото: 123ru.net

Ол 12 жыл бойы Литва аумағында жасырынған, деп жазады inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаныш Нұрғазин – Әблязов басқаратын "BSC" ЖШС-ның номиналды директоры.

“Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған. Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған.

12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған”, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Ақпаратқа сәйкес, 24 шілде күні паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Сотталушының өтініші бойынша Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті. Жақын арада басты сот талқылауы қайта басталады. Оның жауапкершілігінің көлемін сот айқындайтын болады”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу