Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен келді

847

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен келді Фото: kursiv.media

М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы "БТА Банкі" АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды.

Ол "Metropolitan Manageres Corp" (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, "Беловод крахмал комбинаты" ЖАҚ Басқарма Төрағасы және "Маис Агро" ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.

2024 жылдың 15 мамырында ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді.

Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу