Мұхтар Әуезов музейі "Қазақстанның жалпыұлтық киелі орындары" тізіміне енді

976

Мұхтар Әуезов музейі "Қазақстанның жалпыұлтық киелі орындары" тізіміне енді

Семейдегі Мұхтар Әуезов музейі "Қазақстанның жалпыұлтық киелі орындары" жобасы аясында 100 нысанның тізіміне енді, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Сакралды Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалидің айтуынша, аталмыш жоба аясында еліміздің ең көрікті табиғи ландшафт нысандары, археологиялық және сәулет ескерткіштері, сондай-ақ, діни орындары мен тарихи тұлғалар тұрған ғимараттары 100 нысанның тізіміне енген.

"Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында осы жобаны қолға алдық. Жалпы, біздің орталықтың мамандары еліміздің киелі орындарын зерттей отырып, кейінгі жастардың бойына патриотизм сезімін ұялатып, олардың ерік-жігері мықты азамат болып өсуіне ықпал еткісі келеді", — дейді Берік Әбідғали.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу