Мұхтар Қайдаров: 5-6 жыл жыл болды, тіпті компьютер алуға үкімет ақша бермейді

721

Мұхтар Қайдаров: 5-6 жыл жыл болды, тіпті компьютер алуға үкімет ақша бермейді

Қазақстан үкіметі сейсмикалық болжамдар мен зілзаланың алдын алу жайына тиісті назар аудармай отыр. Бұл туралы Алматыда өткен сейсмология тақырыбына арналған халықаралық ғылыми конференцияда айтылды, деп хабарлайды astanatv.kz.

Жер сілкінісі болжамдарын жақындататын бақылау бекеттерінің жағдайы өте нашар. Қазақстан сейсмологиялық әдістемелік экспедициясын басқаратын Мұхтар Қайдаровтың сөзінше, соңғы 6 жылда компьютерлер мен өзге де техникалар жаңартылмапты. Мамандардың біліктілігі де қайта қарауды қажет етеді. Әсіресе жер сілкінісіне бейім Алматы, Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарында сейсмикалық бақылау бекеттері жаңғыртуды талап етеді. Бұл мақсатқа Сейсмология институты мамандары 3,5 млрд теңге қажет деп отыр. Көп жылдан бері бюджеттен тиісті қаражат қарастырылмай келеді.

Айта кетейік, Қазақстанда 63 сейсмикалық станция тіркелген.  Ал аумағы Қазақстаннан әлдеқайда кіші Жапонияда 6 мың бекет жұмыс істейді екен.

"5-6 жыл жыл болды, тіпті компьютер алуға үкімет ақша бермейді. Станция көбейсе, болжам да жақсы болады. Ол біздің көзіміз, көз болмаса, ештеңе де табу мүмкін емес", - дейді "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" ЖШС бас директоры Мұхтар Қайдаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу