Мұхтар Құл-Мұхаммед сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағалығына Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті сайлауды ұсынамын", – деді палата спикері Дариға Назарбаева бүгін сенаттың пленарлық отырысында.
Депутаттар Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедті сайлау туралы шешімді қолдады. Бұл комитетті бұған дейін Дариға Назарбаева басқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу