Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сұрағына дұрыс жауап берген студент 100 мың теңге сыйақы алды

1058

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сұрағына дұрыс жауап берген студент 100 мың теңге сыйақы алды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымымен кездескен "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қойған сұрағына дұрыс жауап берген студент 100 мың теңге алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында Павлодар облысына келген сапарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ұжымымен де кездесті.

Шара барысында Мұхтар Абрарұлы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылудан кейін, студенттер арасында сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырып, дұрыс жауап берген студенттерге 100 мың теңге ұсынылатынын атап өтті. "Адамзат тарихындағы алғашқы жолдау қашан жарияланды?", "Қазақстан Президентінің бірінші жолдауы қашан болды?" және "АҚШ-тың төртінші президенті кезінде сол елдің Конституциясында қандай өзгерістер орын алды?" секілді 5 сұрақтың біріне құқықтану кафедрасының студенті дұрыс жауап берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу