Бұл бастаманы жазушының туған күніне орай ұйымдастырылған жиында оның ұлы Едіге Мағауин жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жазушының мұрасын дәріптеу мақсатында құрылатын орталық қазақ мәдениеті мен тарихын шет елде насихаттауға бағытталады.
"Бұл жер болашақта қазақтардың бас қосатын, тамырын танитын, болашағын меңзейтін мәдени-ағарту орталығы болуы керек. Қазақ тілі курстарын ұйымдастыру, түрлі мәдени шаралар өткізу жоспарда бар. Әкемнің жаны сүйген бұл үй енді қазақ руханиятының орталығы ретінде қызмет етеді деп сенемін", – деді қаламгердің ұлы Едіге Мағауин.
Орталықта Мұхтар Мағауиннің жазбалары, күнделіктері, жеке кітапханасында сақталған мұрағаттар жұртшылыққа қолжетімді болады. Жоба аясында:
- Қазақ тілі курстары,
- Әдеби кештер мен конференциялар,
- Тарихи-мәдени зерттеулер,
- Қазақ өнері мен дәстүрін дәріптейтін шаралар ұйымдастырылмақ.