Бүгін қазақ әдебиетінің абызы, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановты қалың жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақынның ақырғы аманаты орындалып, сүйегі туған жері – Отырар өңіріндегі қасиетті Арыстан баб кесенесінің маңындағы Қоғам ауылының зиратына жерленді.
Марқұммен қоштасу өзі туып-өскен Шілік ауылындағы қара шаңырағында өтті.
Ақынмен қоштасу рәсімі алдымен Алматы қаласында ұйымдастырылып, содан соң қаралы көш Түркістанға бағыт алды.
Жаназа рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса мен Ринат Зайытов, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ақынның ұлт алдындағы ерекше еңбегіне тоқталды.
Даңқты ақын 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында бұ дүниемен қоштаса кете барды.