Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

112

Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр Фото: Instagram парақшадан

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың денсаулығы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскені белгілі болды. 

Айтуынша, 84 жастағы қаламгердің жағдайы алаңдатарлық. Осыған байланысты қор өкілдері ел азаматтарын ақынның сауығып кетуі үшін дұға жасауға шақырды.

Мұхтар Шаханов – тек қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани тұлғаларының бірі. Ол Желтоқсан оқиғасы кезінде Кремль мінберінде қазақ жастарының тағдырын қорғап, тарихи шындықты ашық айтқан қайраткер ретінде танылған.

Қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері де әлеуметтік желілерде ақынның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу