Алматыда Қазақстанның Халық жазушысы, танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратында өтті. Қаралы жиынға жиналған жұрттың қарасы қалың болды.
Олардың арасында ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер бар. Димаш Құдайберген де марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Айта кету керек, Мұхтар Шаханов өзі өсиет еткен жер – Арыстан баб кесенесі маңына жерленетін болды.
Қазақстанның Халық жазушысы 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында көз жұмды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу