"1986-Ақиқат/Бейбітшілік" тақырыбындағы фотосессия әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осы кездің өзінде арқалы ақынның фотолары 20 мыңға жуық лүпіл жинап үлгерген.
– Тірі аңыз! Өте керемет туынды! Тек қана мына суреттердің өзінде де қаншама терең мағына, жанарында қаншама уайым-қайғы жатыр… Атамызда, мына ғажап суреттер де тарихта ойып тұрып орын алатыны сөзсіз. Көзі тірісінде керемет кино түсірілсе мүлдем басқаша деңгей болайын деп тұр. Зиялыларымыздың тірі кезінде бағалайық! – деп жазып жатыр оқырмандар.
Сондай-ақ, желі қолданушыларының бірі тұлғаның жүріп өткен жолына, ерліктеріне тоқталса, кейбірі шығармашылығынан сыр шертіп, сауатты да сапалы пікірін қалдыруда.