Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімінің уақыты мен орны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жерлеу рәсімі сол күні сағат 11:30-да Алматыдағы "Кеңсай-2" зиратында ұйымдастырылады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Осыған дейін ақынның жары Ханшайым Шаханова ресми өтініш жолдаған еді. Онда Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жазылған. Ақынның ақырғы аманаты – денесін Түркістан облысындағы қасиетті Арыстанбаб кесенесі маңына жерлеу.
Хатта Шахановтың қазақ қоғамындағы орны айтылып, оның Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашудағы еңбегі, ұлттық рухты көтерудегі қызметі, тәуелсіздік, тіл және руханият жолындағы күресіне айрықша басымдық берілген.
Сондай-ақ, ақынның соңғы тілегін орындауға рұқсат беру және жерлеу рәсімін Арыстанбаб кесенесі аумағында заң талаптарына сай ұйымдастыруға қолдау көрсету сұралған болатын.
Бұған дейін қазақ ақынының қазасына орай Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров көңіл айтты.