Мұхтар Тайжан президенттікке кандидат ретінде түспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Қоғам белсендісі бұл жайында өзінің инстаграм парақшасында ресми жазба қалдырған. Онда "Ардагерлер одағына" алғысын білдіріп, олардың басқа кандидат іздеуі қажет екенін жазады. Өйткені оның қандидатурасы қазіргі сайлау заңы бойынша мүлдем сәйкес келмейді.
Кеше "Ардагерлер одағының" төрағасы Мұрат Мұхамежданов өз ұйымдарының атынан президенттік сайлауға Мұхтар Тайжанды ұсынатындықтарын хабарлаған болатын.
"Біріншіден, мені кандидаттыққа ұсынғаны үшін "Ардагерлер одағы" мен Мұрат Мұхамеджановқа алғысымды білдіремін. Ардагерлер үлкен құрметке лайық. Бірақ мен 5 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істемегендіктен, кандидаттар талабынан өтпей қаламын. Әрі заңның бұл тұсын өзгерту керек деп ойлаймын. Одақ менен басқа талаптарға сай келетін кандидат тауып, соны ұсынуы қажет", – деп жазды қоғам белсендісі әлеуметтік желідегі парақшасында.