Мұхтар Тайжан: жер шетелдіктерге жалға да берілмесін

2969

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мұхтар Тайжан төрт мәселе көтерді. 

Мұхтар Тайжан: жер шетелдіктерге жалға да берілмесін

"Қазір экономикада мемлекеттің рөлі өте үлкен. Квазимемлекттік секторды қысқарту жайлы өзіңіз айттыңыз, экономикада мемлекеттің араласуы көп болса, жеке бизнестің дамуы қиындайды",- дей отырып, екінші мәселе ретінде, сот жүйесінің кәсібилігін жақсарту қажеттігін еске салды.

Сонымен қатар, қоғам көрші елдерден қанша қарыз алғанымызды, не үшін алғанымызды біліп отыруын сұрады.

"Бұл сыртқы экономикалық қауіпсіздік үшін маңызды",- деді Мұхтар Тайжан.

Төртінші мәселе, ең үлкені – жер мәселесі екенін қоғам қайраткері Президентке жеткізді.

"Жер шетелдіктерге сатылмайтындылығын айттыңыз. Халықтың тілегі – жер шетелдіктерге жалға да берілмесін, қазақстандықтарға да сатылмасын",–  деді Мұхтар Тайжан.

Сондай-ақ, ол жер салығы төмен екенін айтып, осы салықты реттеуді ұсынды. "Жер – экономика негізі. Жерге спутник арқылы мониторинг жасау заңдастырылып, жер үшін төленетін салық реттелсе. Падалануға жер алған адам дереу салық төлесін",- деді қоғам қайраткері.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу