Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға келген ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

835

Кездесу барысында тараптар ҰҚШҰ-ның қазіргі жұмысы туралы пікір алмасып, Ұйым қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды. 

Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға келген ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтемемен.

Министр осы жылдың мамыр айында Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына шақыруды қабылдады.

Тараптар ұйымды одан әрі нығайту бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетсек, ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық өңірлік ұйым. Қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ға Тәжікстан Республикасы төрағалық етеді. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 2021 жылдың төртінші тоқсанында Тәжікстанда өтеді.

Беларусь өкілі С.Зась ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу