Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан Сыртқы істер министрлері Сироджиддин Мухриддинмен, Рашид Мередовпен, Жээнбек Кулубаевпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі жан-жақты нығайту үшін тараптар дәстүрлі достық және сындарлы түрде екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.
Ал Түрікменстан СІМ басшысымен кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қырғызстан өкілімен кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 26 мамырдағы Қырғыз Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруда шараларда оң динамика байқалғаны атап өтілді.