Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Министрлер өткен аптада Астанада өткен АӨСШК, ТМД мен Орталық Азия – Ресей саммиттерінің қорытындыларын, сондай-ақ ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Ведомствоның мәліметінше, осы кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау бойынша одан әрі қадамдар белгіленді.
Министрлер сондай-ақ ҰҚШҰ шеңберінде алдағы іс-шаралардың дайындық барысын талқылады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                                                    