Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

646

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды.  

Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бейнебайланыс режимінде келіссөз өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР СІМ-нен мәлім еткендей, сыртқысаяси ведомстволардың басшылары саяси, экономикалық салалардағы, соның ішінде транзиттік-көліктік, энергетикалық және әскери-техникалық бағыттардағы Қазақстан-Ресей жан-жақты стратегиялық әріптестіктің ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Тараптар сондай-ақ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, БҰҰ аясындағы кооперация мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар, М. Тілеуберді мен С. Лавров ағымдағы жылдың қараша айында Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындығын қарастырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу