Қостанай облысында, Ақтөбе облысы шекарасына жақын маңда мүйізі кесілген 23 ақбөкеннің өлексесі табылды, деп хабарлайды alau.kz.
"Қазір өлекселер сараптамаға жіберілді. Олардың мүйізі кесілген", - дейді жергілікті поляция қызметінің табиғатты қорғау полияциясы бөлімшесінің басшысы Талғат Ахметов.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келеген шығын 1000 АЕК, яғни 2,5 миллион теңге деп бағаланып отыр.
Киіктердің өлгеніне 3 апта мен бір айдың арасы болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу