Мұқағали Мақатаевты "сорлы еркекке" теңеген блогер тізерлеп тұрып кешірім сұрады

10428

Кеше әлеуметтік желіде Алишер Теменов есімді блогердің айтқан сөзі жұрттың ашуын келтірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мұқағали Мақатаевты "сорлы еркекке" теңеген блогер тізерлеп тұрып кешірім сұрады Фото: Бейнежазбадан

Ол қаралым үшін Мұқағали Мақатаевқа "тіл тигізген".

"Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай" дейді. Ей, сен бірінші жасасаңшы туған күніңді. Сосын барамыз ғой. "Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай" дейді. Құдайдың не қатысы бар? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой, не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен "үйді қашан береді" деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің", – дейді ол.

Бейнежазбаның соңында рилстарға сценарий жазу курсына жарнама жасап жіберген. Алайда бұл маркетингтік әрекет сәтсіз болып, блогер сынға ұшырады. Кешкісін қайта бейнежазба түсіріп, айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.

"Жаздым, жаңылдым. Тентек болсам да мен де бір қазақтың ұлымын, ағайын. Кешірім сұраймын!" – деді блогер.

Бүгін Алишер Теменов әкесімен бірге Мұқағали Мақатаевтың туған ауылы Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданы Қарасаз ауылына барып, ақынның жерлестерінен кешірім сұраған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу