Мұқтаж адамдарға коммуналдық төлем құны басқаша белгіленеді

1108

Халықтың мұқтаж санаттарына коммуналдық төлемдер бағасы басқаша белгіленуі мүмкін. Оларды бөлек топқа жатқызу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Мұқтаж адамдарға коммуналдық төлем құны басқаша белгіленеді

"Тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және олардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданатын болады", – деді үкімет басшысы.

Оның айтуына қарағанда, су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыру және объективті ақы белгілеу үшін 2023 жылдан бастап суды тұтыну көлемі бойынша сараланған тариф енгізілетін болады.

Жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елді дамыту үшін атқарылған шаралар мен үкіметтің алдағы жоспары туралы баяндады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу