Мұқтаж алматылықтарға коммуналдық қызмет үшін берілетін төлем қанша теңгеге өседі?

303

Алматыда 1-ші қарашадан бастап мұқтаж алматылықтарға коммуналдық төлем үшін берілетін өтемақы мөлшері артады.

Мұқтаж алматылықтарға коммуналдық қызмет үшін берілетін төлем қанша теңгеге өседі?  Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Әзірге құжат "Ашық үкімет" сайтында талқыланып жатыр. Ұсынысты Алматы қаласы мәслихатының депутаттары білдірген. Егер ол қабылданса, онда әлеуметтік осал топқа жататындарға төленетін төлем қанша теңгеге артады? Мұндай көмекті алу үшін не істеп, қайда бару керек? 

Алматыда 316 мыңнан астам тұрғын коммуналдық қызмет тарифтері өскені үшін өтемақы алады. Ал енді 1-ші қарашадан бастап төлемнің мөлшері 0,6 айлық есептік көрсеткішке артады. Яғни, осыған дейін осал топтар айына бір рет 1725 теңге алып келсе, енді оларға 2070 теңге төленбек. Әлеуметтік көмекті жарықтың қымбаттауына байланысты арттыру жобасы қазір талқыланып жатыр. Дегенмен, экономисттер елде кедейшілік екі есе көбейген тұста 345 теңгенің өскені теңіздегі тамшыдай ғана аз көмек деп отыр. 

"Кедейшілік оданда зор. Сондықтан соңғы апта көп талқыланып жатқан азаматтардың көп қарызға батып, соны төлей алмай отырғаны. Дәл бүгін соны эфирге шығып айтқан едім. Адамдардың жалғыз кредит мәселесі емес, әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу керек. Көпбалалы отбасы болсын. Мүгедектері бар отбасы болсын. Сондықтан, бұл бір кішкентай ғана өзіңіз айтқандай жыртықтың жамауын жамайды. Іс шараларды шектемей басқа да азаматтарға көмек көрсету керек", - дейді экономист Меруерт Махмұтова.  

Көмек халықтың әлеуметтік осал тобына жататын алматылықтарға ғана беріледі. Онда көпбалалы отбасы, мүгедек бала өсіріп отырған жанұя секілді 8 категория бар. Ал көмек алу үшін шаһардың аудандық әкімдіктеріне барып, өтініш жазу қажет. Оң шешім тапқан жағдайда, өтемақы азаматтың банк шотына аударылады. 

"1700 болса да, әрине 2000 теңге. Әрине, көбірек болса одан да жақсы болар еді. Енді әрине көмек бар. Қиыншылық болған жоқ бірінші күні болды басталғанда тамыз-қыркүйекте. Ал қазір адам жоқ. кезек жоқ. Барасыз да, әкімдікке өткізесіз құжаттарды. Ешқандай қиындық жоқ", - дейді зейнеткер Райгүл Мәртбаева.

Әлеуметтік көмек жыл соңына дейін беріледі. Жалпы мұндай жеңілдіктің түрін 2024-ші жылға дейін ұзарту жоспарда бар. Ол кезде де 315 мыңнан астам адамға 4,1 млрд теңгеге көмек көрсетілмек. Айта кетейік, бұл қалада коммуналдық қызметтерге тарифтер көтерілген кезде әлеуметтік осал топтарға ауыртпалықсыз көшу үшін жасалған шара.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу