Мұқтаж отбасынан шыққан студенттердің пәтерақысын мемлекет өтеп бермек

441

218 мың студент халықтың осал топтары санатынан шыққан.

Мұқтаж отбасынан шыққан студенттердің пәтерақысын мемлекет өтеп бермек Фото: Ашық дереккөзден

Мұқтаж отбасынан шыққан студенттердің пәтерақысын мемлекет өтеп беруі мүмкін. Вице-премьер Алтай Көлгіновтің сөзіне сенсек, бүгінде басқа қаладан келген студенттердің жатақханада тұруға жұмсайтын шығынын субсидиялау мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Биылғы оқу жылындағы есеп бойынша, колледж және университеттерде халықтың осал топтары санатынан шыққан 218 мың студент білім алып жатыр. Ал бұл жастарға үш жыл көлемінде жәрдем беру үшін 55 млрд теңгеден астам сома қажет. Сондықтан республикалық бюджетке айтарлықтай ауыртпашылық түспес үшін әлеуметтік көмекке ең мұқтаж деген екі санат анықталды. 

"Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік көмекке ең мұқтаж екі санатты анықтады. Біріншісі- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер, 1 846 адам. Мүгедектігі бар балалар -758. Осы санаттар бойынша үш жылдық бюджетке шамамен 1,9 млрд теңге қажет", - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу